Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқайлап, үстелді бір қойған: Алматы облысындағы бас дәрігердің әрекеті қызу талқыға түсті

Алматы облысы Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Күлсейітовтың әрекетіне байланысты тексеру жүргізілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаға сәйкес, жиналысқа қатысушылардың бірі бас дәрігерге науқастардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі жайлы сұрақ қойыпты. 

"Мен сіздердің емханаларыңызда дәрінің жоқтығын айтып, жазбаша өтініш жолдаған болатынмын. Қажетті препараттарды өзім сатып алуыма тура келді. Емханалыңызға келсем: үнемі дәрі жоқ деп жауап береді. Сіздерге бөлінген жеті миллиард теңгені сонда қайда жұмсадыңыздар?", - дейді сұрақ қоюшы. 

Бұған жауап ретінде аурухананың бас дәрігер айқайлап, үстелді ұрып жібереді. Кейіннен жиналыстан кетіп қалады. 

Аталған жайт бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдіріпті. 

"Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Г.  Күлсейітовтың әрекетіне қатысты арнайы комиссия құрылды", - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындарға "басымды қатырмаңдар" деп айтқаны үшін дауға іліккен болатын. 

Талқылау