Ақмола облысында қыз қоңырау шалу үшін телефон сұрап, өзіне ақша аударып алған
Ақмола облысындағы кафелердің бірінде бойжеткен ер адамнан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, ұялы банкинг арқылы өзіне ақша аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"32 жастағы ер адам алаяқтық фактісі бойынша полиция бөліміне жүгінді. Ол кафеде белгісіз қыз қоңырауды сылтауратып, телефон сұрап, мобильді банкинг арқылы жәбірленушіге тиесілі ақшаны аударып алған", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Әккі ұры: Тараздық ұры дүкеннен 25 млн теңгенің затын ерекше әдіспен ұрлап кетті
- Ер адам 13 жастағы қызды ұрлап, өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүр еткен
Патрульдік полиция қызметкерлері ізін суытпай 15 минут ішінде 20 жастағы қала тұрғынын ұстады. Кейінірек, қыз өзінің досына қоңырау шалу үшін жәбірленушінің смартфонын алып, Kaspi қосымшасы арқылы оның шотына 10 000 теңге көлемінде ақша аударғанын мойындады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлімі "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген