Әккі ұры: Тараздық ұры дүкеннен 25 млн теңгенің затын ерекше әдіспен ұрлап кетті
Заман дамыған сайын ұрлықшылар да әккі болып барады.Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланды.

Күдікті қымбат әшекей заттарды ұрлау үшін үлкен қулыққа барған. Дүкеннің қабырғасын жасырын бұзып кіріп, бағалы алтындарды жымқырып кеткен, деп хабарлайды 31 арна.
Әккі ұры Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін де сотты болған. Қазір уақытша ұстау изоляторында. Тараз сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша тергеу басталған.
Тараз қаласында орналасқан сауда орталығының бірінде алтын бұйымдардың жасырын ұрланғаны анықталды. Аталған қылмыс үлкен мұқияттылықпен жоспарланған.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген