Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада полицейлерден қашпақ болған караоке-барға келушілер екінші қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтандағы Sova караоке-барының карантинді бұзған келушілері мен қызметкерлері полицейлерден жасырынуға тырысып, екінші қабаттың терезесінен секіріп кетті. Оқиғаның видеосын Instagram-дағы zhaloby_astana парақшасы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 25 қазанда болған.

"Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта Күйші Дина көшесіндегі Sova караоке барының алдында бір топ адамды байқады. Мекеменің алдында тұрған адамдар жақындап келе жатқан автопатрульді көріп, карантинді бұзағандарын біліп, ғимаратқа жүгірді. Мекеме әкімшісі мен клиенттері екінші қабаттың терезесінен секіріп, полициядан қашып кете бастады. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ",-делінген Нұр-Сұлтан полиция департаментінің хабарламасында.

Мекеменің иесіне қатысты жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
Бұған дейін Sova караоке-барында карантин режимін бұзу фактілері бірнеше рет анықталды, деп хабарлайды полиция.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтар мен мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитар дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертті. Заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр