Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тарихтағы ең нәсілшіл фильм": Америкалық жазушы "Борат" фильмі туралы пікір білдірді

Америкалық жазушы және эссеист Нассим Николас Талеб "Борат" фильмі туралы өз пікірін білдірді. Доктор картинаны "тарихтағы ең нәсілшіл" фильм деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

нассим

"Қалжыңдап тұрсыз ба? "Борат" - Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адамдар контекстен тыс сөздерді дұрыс қолданбағаны үшін көпшілік алдында жазаланады. Одан не пайда? Солшылдардың барлығы Саша Барон Коэнді және фильм авторларын Джулианиді (Дональд Трамптың жеке адвокат - ред.) сынағаны үшін алып тастай ма?

Мен "Борат – пародия", "Жамандама" және т.б. деп жазғандардың барлығын бұғаттадым. Ия, мұның пародия екенін білемін. Бірақ мені "пародиялардың" қос стандарттары көбірек алаңдатады. Егер нәсілшіл әзілдер (ал шын мәнінде қорлау) кейбіреулердің көзіне көренсе, басқаларына көрінбесе, онда бұл нәсілшілдіктің ең сорақы түрі.


Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Әр жолы жергілікті тұрғындар бұл мәселені көтеріп, Боратты елдің шынайы өкілі емес, әділетсіздік екенін, фильмнің көп зиян келтіргенін айтады. Бірде Марат есімді жүргізушіні қателесіп Борат деп атап қалдым. Оның қандай реакция танытқанын көрсеңіз", - деп қорытындылады Нассим Николас Талеб желідегі парақшасында.

Нассим Николас Талеб - америкалық эссеист, жазушы, статист және бұрынғы трейдер. 

Еске салсақ, алматылық "Намыс" қоғамдық қоры фильмге қарсы петиция көтерді. Оған жауап қайтарған Алматыдағы америкалық елші  "АҚШ билігінің фильм түсіріліміне түк қатысы жоқ" деп мәлімдеген еді. 

Талқылау