Қазақстанда жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды

ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-брифинг барысында дәрігерлерге жұмыс барысында коронавирус жұқтырғаны үшін қаражат төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр жаңа шешім туралы айтып берді. Енді дәрігерлер қауіпті аймақта жүргені үшін ғана өтемақы ала алады. 

"20 қазаннан бастап қазіргі уақытта жасалған барлық жағдайларды ескере отырып, медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алуға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Қалған 5% немесе 421 медициналық қызметкерге бір реттік төлемдер қазір аймақтық комиссиялар деңгейінде тіркеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізілген", - дейді ол.

Ондай дәрігерлер бойынша төлемдер апта соңына дейін, яғни, 23 қазанға дейін төленеді.

"Қазан айына дейін тіркелген жағдайларға ғана төленетін болады. Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты аурухана ішілік вирус ретінде тіркеледі", - дейді Шоранов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр