Бір күнде Балқаш көлінен 15 тонна, Каспий теңізінен 3 тонна қоқыс шығарылды
Тәуелсіз сарапшы-эколог Алия Күшбаева онлайн-брифинг барысында Каспий теңізі мен Балқаш көліндегі қоқыс жинау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күшбаева жыл сайын елімізде экосенбілік өткізілетінін айтты. Сенбілік барысында тонналап қоқыс жиналатыны белгілі болды.
"Каспий, Арал, Балқаш су алаптарына тікелей мониторинг жүргізілмеген. Себебі қалдықтардың көбі суға кетіп жатады, немесе келушілер өртеп кетеді. Бірақ биыл тамыз айында Каспий теңізінде эко сенбілік болды. Теңіз астынан сүңгуірлер 3 тоннадай пластик қабықтарын алып шыққан. Сонымен қатар, Балқаш көлінде 1,5-2 шақырым жаяу жүріп 15 тоннадай қалдық алған. Бұл тек бір күндік көрсеткіш", - дейді Күшбаева.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар