Павлодарда үш аса қауіпті қылмыскер колониядан қашып кеткен: Ақпаратқа қатысты деректер белгілі болды
Павлодардағы қауіпті қылмыскерлердің колониядан қашып кеткені туралы WhatsApp-та таратылған ақпарат расталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжана Әбдуғалиеваның сөзінше, жазалау мекемесінен қашқан қылмыскерер тіркелмеген. Ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.
"Әлеуметтік желілерде АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан үш сотталғанның қашып кеткендігі туралы ақпарат тарауда. Біз бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлаймыз. Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен қылмыскерлердің қашуы және сотталғандардың жазасын өтеуден жалтаруы тіркелмеген. Суретте көрсетілген адамдар АП-162/4 колониясында болмаған", - делінген министрліктің хабарламасында.
Мәселеге қатысты қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті