Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ася Тулесованың соты: Жәбірленушінің көңіліне "мент" сөзі қаяу түсірген

Алматыда қоғам белсендісі Ася Тулесоваға қатысты сот ісі басталды. Сот отырысы онлайн өтуде. Жәбірленуші тарап ретінде бірден 6 полицей шағым түсірген. Белсенді екі айдан бері қамауда отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тулесова

Адвокат Джохар Утебеков алты полицейдің біреуі сотта сөйлегенін айтады. 

"Ася Тулешова тәртіп сақшысына зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетіп, оны балғаттағаны үшін қамауға алынған. 24 жастағы учаскелік полицейдің көмекшісі Нұрбек Темірхановтың айтуынша, оның көңіліне Асяның "мент" дегені тиген. Мұны естіп таңғалдым. Қашаннан бері бұл сөз тәртіп сақшысын балағаттау болып есептеледі?", - дейді адвокат. 

Сот барысында қорғаушы тарап айыпталушыға тағайындалған бұлтартпау шарасын абақтыдан кепілмен не болмаса ешқайда шықпау туралы қолхат арқылы босатуға өзгертуді сұрады. Десек те судья олардың бұл өтініштерін қанағаттандырмай, Тулесованы қамауда қалдырды. Адам құқықтары жөнідегі өкілетті уәкіл Эльвира Азимова да аталған іс бойынша судьяға өтініш жолдады. Ол бұл сот барысы әділ өтіп, тергеу амалдары адами тұрғыда жүргізілу қажет екенін жеткізді. Бұған қоса Азимова аталмыш іске қатысты айыпталушыны қамау жалғыз шара еместігін еске салды. 

Айта кетейік белсенді Ася Тулесова 8 шілде күні ұсталған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, ол билік өкіліне қарсы күш 6 шілде күні рұқсат етілмеген митинг барысында күш қолданған. 

Талқылау