Соңғы жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіровтің неден көз жұмғаны белгілі болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы жайлы айтты.

Мемлекет басшысын Жақсылық Үшкемпіровтің ауру салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

«Пандемия бүкіл әлемде өршіп тұр. Қазақстан да ерекшелік емес. Ауру біздің қатарымыздан жүздеген азаматты алып кетті. Жұмысшылар мен зейнеткерлер, қарттар мен жастар, танымал және белгісіз адамдар өмірден озды.

Спортшы және қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасын ауыр қабылдадым. Мен аурудың салдарынан өмірден өткендердің бәрі үшін қайғырамын. Коронавирус пен пневмониядан болатын өлім жоғары деңгейде», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болды.

Спортшының туыстары оның жерлеу рәсіміне тек ең жақын адамдар қатысатынын мәлімдеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр