Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитар дәрігері ауруханаларда фото және видео түсірілімге, аудиожазбаларға тыйым салды

Қазақстанның бас дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі ауруханаларда видео және фото түсірілімге тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тыйым салынған

Бас дәрігердің сөзінше, қазіргі таңда бұл мәселе өзекті болып тұрған көрінеді. Осы ретте Есмағамбетова Снежанна Имашеваның депутаттық сауалын атап өтті. 

"Қазіргі күні менің қаулым бойынша ауруханаларда, коронавирусқа қатысты мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге ұялы телефондарды, сағаттар мен басқа да қолға тағатын бұйымдарды қолдануға тыйым салынған. Себебі бұл заттар инфекцияның таралуына септігін тигізуі мүмкін. Пациенттер үшін телефон қолдаунға болады. Алайда аудиожазба, фото және видео түсірілім жасауға тыйым салынған", - деп жазды Есмағамбетова Facebook-тегі парақшасында. 



Бұған қоса ол не себепті мұндай шектеулер қойылып отырғанын түсіндірді. 

"Пандемия кезінде станционарлардағы науқастар түсірілген видеолар желіде көптеп таралып кетті. Мұндай түсірілімдер сол ауруханаларда жатқандардың рұқсатынсыз жасалады. Өздері сөйлеуге шамасы жоқ болып жатқанда адамдарды видеоға түсіріп, желіге жүктейді. Ал бұл жеке басқа қол сұғушылық. Мұнымен қатар мұндай видеолар медициналық қызметкерлерге қысым көрсету үшін пайдалануы мүмкін. Емдеу хаттамасымен келіспейтіндер осылайша дәрігерлерге қарсы шығып, оларды бопсалап жатады. Видео, фото және аудиожазбаларға тыйым науқастардың жақындарымен байланысқа еш кедергі келтірмейді", - деді бас санитар дәрігер. 

Талқылау