"12-ші көлігін сыйлады": Медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелі желіде мақтанып, жұртқа жақпай қалды
Әлеуметтік желілерде Медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелінің жазбасын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтарға Instagram-да журналист және тележүргізуші Гүлбаршын Заирова өзінің күйеуі сыйлаған жаңа, он екінші автокөлігімен мақтанғаны жақпай қалды.
Белсенді Гүлбану Әбенова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелінің жеке парақшасынан скриншоттар жариялады.
"Ал осы уақытта Медициналық сақтандыру қоры басшысының байбішесі өзінің жазылушыларының алдында күйеуінің уәде берген 10 көлік емес, 12 көлік сыйлағанын айтып мақтанып жатыр", - деп жады Гүлбану Әбенова.
Гүлбану Әбенованың наразылығын әлеуметтік желінің басқа да пайдаланушылары қолдады. Көптеген пікірлер қалдырды және репост жасады.
Бұл ӘМСҚ басшысы жұбайының көпшіліктің назарына ілікке бірінші жазбасы емес, дейді Гүлбану Әбенова. Белсендінің айтуынша, ол 2 айдан бері қордың жұмысын қадағалап келеді. Бұған дейін Гүлбаршын Заирова әлеуметтік желілерде ұлкен үйін көрсетіп, мақтанған екен. Желі қолданушыларының наразылығынан кейін хабарлама жойылып, журналист пен тележүргізуші Гүлбаршын Заированың парақшасы Instagram-нан жоғалып кетті. Бұл жолы да дәл солай болды. Тележүргізушінің парақшасын табу мүмкін болмады.
Бірақ сақталған скриншоттарда ӘМСҚ басшысының жұбайы Гүлбаршын Заирова өзінің жеке өмірінің егжей-тегжейлерімен бөліскен. Оның белгілі республикалық арнаның тележүргізушісі екені белгілі.