Соңғы 40 жылдағы үздік сурет: Тұрғын өзге планеталықтардың нысанын суретке түсіріп алды
Польшаның Ястрово ауылында жергілікті тұрғын ерекше нысанды суретке түсірді. Уфологтердің пікірінше, бұл соңғы 40 жыл ішінде түсірілген ең үздік өзгепланеталықтарды бейнесі.

Куәгердің айтуынша, ол велосипедпен кетіп бара жатып біртүрлі дыбыс естіген. Ол басын көтеріп қарағанда ағаштардың үстінде пирамида тәрізді затты көреді. Нысан ұшып кетпес бұрын бес рет суретк түсіріп үлгерген. Осыдан кейін ол суреттерді поляк уфологі және журналист Роберт Бернатовқа жіберді. Уфолог суреттерді бірнеше мамандарға көрсетті.
«Суреттер редакцияланбаған, ал өзге планеталық - бұл жер бетінде шамамен 200 фут (шамамен 60 метр биіктікте) қозғалатын шынайы объект», - деді олардың бірі.

Оның айтуынша, ол суреттердің сапасына таңғалып, бұл соңғы 40 жыл ішінде көрген ең жақсы сурет деп атады. Сарапшы сонымен бірге әр суретте нысан шамамен 50 метр қашықтыққа жылжып отырғанын айтты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған