ДДСҰ басшысы пандемияның жаңа қауіпті кезеңі туралы мәлімдеді
18 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша рекорд пандемияның тез таралуын көрсетеді. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ басшысы атап өткендей, алдыңғы күні ұйымға 150 мыңнан астам COVID-19 жаңа жағдайлары туралы мәліметтер келіп түсті, бұл - ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.
Ол жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы Солтүстік және Оңтүстік Америка анықталғанын айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста жұқтырудың айтарлықтай саны тіркелген.
"Әлем жаңа және өте қауіпті кезеңде", - деді Гебрейесус.
Ол адамдардың үйде қалудан шаршағанын, ал үкіметтер экономикалық қызметті қайта бастауға тырысып жатқанына назар аударды.
"Бірақ вирус әлі де тез таралып жатыр, ол әлі де қауіпті және адамдардың көпшілігі әлі күнге дейін осал", - деп ескертті ДДСҰ басшысы.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен