Жағдай ушықса, блок-бекеттерді қайта орнатамыз - Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері
Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері еліміздің эпидемиялогиялық жағдайы кұрт нашарлайтын болса, қалалардағы блок-бекеттер қайта қойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Блок-бекеттердің көмегі зор болды. Елімізде карантиннің келесі деңгейі басталды. Шектеу шаралары бірте-бірте жеңілдетілуде. Алайда, егер мемлекеттегі эпидемиялогиялық ахуал қайта өршитін болса, блок-бекеттерді қайта орнатамыз. Біз бірқатар облыстарда бақылау пунктерінің қызметін тоқтаттық. Облыс орталықтарындағы бекеттер ғана алынды, қалғандары сол күйде қалды", - деді Байғабұлов.
Еске салайық, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында блок-бекеттер 1 мамырдан бастап алынып тасталған еді.
Бұған дейін көліктегі бас санитар дәрігер Қазақстандықтарға халықаралық рейстерге арналған билеттерді сатып алуға кеңес бермейтінін айтқан еді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"