Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды
Ақтауда карантинге жабылған үйден қашпақшы болған ер азамат үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Сурет: Lada.kz сайтынан
Оқиға коронавирус анықталған науқас тұратын көпқабатты үйде орын алған. Карантинде жатқысы келмеген ер азамат 11 ықшам ауданындағы №11 үйден секіріп кеткен. Соның салдарынан Ақтау тұрғыны омыртқасын сындырыпты. Қазір ол ауруханада жатқан көрінеді.
"Ер азамат - Бейнеу қаласының тұрғыны", - деді Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.
Бұған дейін осы пәтерде Қызылорда облысынан келген ерлі-зайыптының коронавирусқа шалдыққаны анықталыпты.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген