Коронавирус ошағы Уханьда алғашқы рет ауруды жұқтырған жаңа науқас тіркелмепті
Коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясының Ухань қаласында алғашқы рет инфекция жұқтырған жаңа науқас тіркелмепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың денсаулық сақтау бойынша құрылған комиссияның мәліметінше, Хубэйдің сырт аймақтарында да ешкім ауруды жұқтырмапты. Десек те ҚХР-дың басқа да аудандарында коронавирусқа шалдыққан 34 науқас анықталыпты. Олардың 21-і Бежіңде, 9-ы Гуандун провинциясында, 3-і Шанхайда және тағы біреуі Хэйлунцзян провинциясында екен.
Қазіргі таңда әлем бойынша короанвирусқа тап болғандардың жалпы саны 218 631-ге жетіп отыр. Олардың 8 810-і аурудан көз жұмып, тағы 84 113-ы індеттен толғымен айығып шыққан.
Сарапшылардың мәліметінше, Қытайда 81 137, Италияда 35 713, Иранда 17 361 адам коронавирусқа шалдыққан.
Талқылау
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады