Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолия коронавирусқа байланысты Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты

Моңғолия коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанмен, Ресеймен және Түркиямен әуе қатынасын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Рес ақпаратқа сүйенсек, Моңғолияның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы Мәскеуден, Стамбұлдан және Нұр-Сұлтаннан қатынайтын ұшақтарға 11-28 наурыз аралығында шектеу қойыпты. 

Бұған қоса комиссия аталған елдерде қалып қойған Моңғолия азаматтарын елге эвакуациялауға дайындалғанын қосты. Сондай-ақ жиында моңғолиялықтарға Ресейге баруға тыйым салынғандығы айтылыпты. 

Сонымен қатар Ресей мен Моңғолия арасындағы теміржол қатынасы да тоқтатылыпты. Мемлекеттің жол және транспорттық даму министрінің мәлімдеуінше, жүк тасымалы тұрақты қалыпта жүзеге асырылады екен. 

Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы Қазақстанды коронавирусқа қолайсыз елдердің қатарына жатқызып, қазақстандықтардың елге кіруіне тыйым салған еді. Өз кезегінде ҚР-дың сыртқы істер министрі бұл жағдай туралы сөз қозғаған болатын. 

Талқылау