Путин өзінің өкілеттілігінің күшін жою туралы бастаманы қолдады

Ресей президенті Владимир Путин өзінің президенттік өкілеттілігінің күшін жою және жаңа бәсекелік сайлау ұйымдастру туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Десек те ол бұл үрдістің заңды не заңсыз екенін анықтау үшін Конституциялыққа сотқа жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин ұшақ апатына байланысты Қазақстан басшысына көңіл айтты

Путиннің қазіргі өкілетілігінің мерзімі 2024 жылы аяқталады. Мемлекеттің жаңа Конституциясы бойынша ол келесі жолы президенттік сайлауға түсе алмайды. 

Өзінің Мемлекеттік дума депутаттарының алдындағы сөзінде ол екі түрлі нұсқа ұсынды: Конституциядағы жаңа ережеден бас тарту және келесі жолы президенттік сайлауға түсу. Егер аталған ұсыныс қабылданатын болса, онда Путиннен бөлек басқа да болашақта Ресейді басқаратын президенттер өздерінің кандитарусын бірнеше рет ұсына алады. 

"Жалпы біз мерзім бойынша шектеуден бас тартуымызға болады",  - депті Путин. 

Атап кетерлік жайт, егер ұсыныс қабылданатын болса, Путин президенттікке бесінші рет, одан кетсе алтыншы рет өзін ұсына алады, дей тұрғанмен бұл ереже басқаларына да жүреді. 

"Егер Конституциялық сот ресми түрде бұл үдерісте заңды деп тапса, негізі бұл жағдай әбден мүмкін",  - деп қосты Путин.

Ескере кету қажет, бұған дейін Ресей Думасының бірқатар депуттатары Путинге қолдау білдіріп, Конституциядағы шектеуден бас тарту туралы ұсыныстарын жеткізген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр