Коронавирус табылған елдердің арасына Қазақстан қосылып кеткен: СІМ сөз қозғады
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қазақстан азаматтарына неліктен Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынғандығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"БАҚ-та тараған ақпарат ау бастан дұрыс емес болған. Жарияланған тізімде жеті мемлекет аталған. Бірақ негізінде шектеу 21 мемлекетке қойылған болатын. Қазақстан 49 елдің ішінде Сауд Арабиясына жеткеннен кейін сол жақтың әуежайында виза алуға болатын жеті мемлекеттің қатарына кірген болатын. Ал қалған 14-і өз елдерінде визаға қол жеткізіп қана Сауд Арабиясына баруға болатын еді. Дұрыс емес ақпарат тарап кетті. Яғни біздің елімізде коронавирус тіркелген деп көрсетіліп, сол үшін шектеу қойылған сияқты болып қалды", - деді Шахрат Нұрышев.
Бұған дейін СІМ коронавирус анықталған мемлекеттерде қанша адам жүргендігін айтқан еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі