Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылап жібере жаздадым": Ержан Максим "Балалар Еуровидениесін" қорытындылады

Алматыға қайтып оралған жас әнші Ержан Максим баспасөз-конференциясында өзінің "Балалар Еуровидениесінде" көрсеткен өнеріне көңілі толатының және екінші орынды иеленгендігіне өкінбейтіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз-конференциясында Ержан Максим мен оның анасы Гүлмира Әлібек жас әншінің Польшадағы ән шашуы жайлы айтып, бұған қоса алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. 

"Поляк көрермендері Ержанның әнін кең ықыластықпен қарсы алды. Сол себепті сол жақта концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Мәскеуде де концерт ұйымдастыру ойымызда бар", - деді Ержанның анасы. 

Әділқазы алқасының даусы бойынша Ержан бірінші орынға табан тірген, алайда артынша көрермендердің көп даусын иеленген Польша елінің атынан шыққан Виктория Габор қазақстандық әншіні басып озды.  

"Мен екінші орынды иеленгеніме еш өкінбеймін. Өзімнің өнеріме көңілім толды. Дегенмен айта кетерлік жайт, құлаққап тым үлкен болып, оны басыма желімдеуіш қағазбен бекітуге тура келді", - деді Ержанның өзі. 

Жас әншінің сөзінше, оған Ресейдің астанасында тұрған ұнайтын көрінеді. Ол Игорь Крутойдан тәлім алып жатыр екен. Бұған қоса Ержан жарысқа түскен балалармен әлеуметтік желілер арқылы әлі де араласып тұранын жеткізді. Сонымен қатар жас өнерпаз өзіне қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. 


 

Талқылау