Сирек кездесетін жағдай: Cәбидің жүрегі сыртына бітіп туды
Үндістанның солтүстігіндегі Харьяна штатында сирек кездесетін ауру - жүрек эктопиясы бар бала дүниеге келді.

Ауруханада түсірілген суретте бала төсекте жатыр, кеудесінде жүрегі соғып тұр. Нәрестенің денесінде көптеген катетерлер мен түтіктер орнатылған.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған сәби ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Жүректің эктопиясы - сирек кездесетін туабіткен ауру, онда жүрек кеуде қуысынан тыс жерде дамиды.
Онымен ауыратын балалардың көпшілігі өмірдің бірінші жылында қайтыс болады. Бұл кемшілікпен ең ұзақ өмір сүрген америкалық Кристофер Уолл. Ол бірнеше операция жасап, 34 жас өмір сүрді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген