Несиелік бюроға клиенті туралы қате ақпарат берген: ЦентрКредит Банкі 3 миллион теңге айыппұл арқалады

Фото: Stan.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі “ЦентрКредит Банкі” АҚ-на айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі ЦентрКредит Банкі несие бойынша ақпаратты дұрыс емес түсіндіргенін айтады.
"Банк өз клиентінің кредиттік тарихы туралы жалған немесе дұрыс емес ақпаратты кредиттік бюроға беріп, әкімшілік құқықбұзушылық жасады", – делінген агенттіктің мәлімдемесінде.
Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы 30 желтоқсанда шығарылды. Банкке 3 145 600 теңге айыппұл салынды.
Айыппұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 208-бабының 3-бөлігі бойынша салынды. Қаулыны орындаудың соңғы мерзімі – 2026 жылдың 28 қаңтары.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген