Қазақстанда несиеге алынған мүлікке де сән-салтанат салығы салынады – Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров несиеге сатып алынған мүліктерге де сән-салтанат салығы салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қандай сомадан бастап мүліктерге салық салынатыны талқылануда.
Несиеге алынған кейбір мүліктерге сән-салтанат салығы салынғанымен, бұл санатқа несиеге алынған телефондар жатпайтынын айтты.
“Құны жүз миллион теңгеден асатын көлік алғыңыз келсе, көлік салығынан бөлек сән-салтанат салығын төлейсіз. Телефондар кірмейді, өйткені олардың бағасы 1000 доллар ғана”, – деді министр.
Журналист бұған брендті киімдер жата ма деп сұрады. Министр мұның әлі нақтыланбағанын түсіндірді.
Сән-салтанат салығы тек тіркеуге жататын мүлік нысандарыға ғана салық салынатыны нақтыланған. Ал елге әкелу кезінде кейбір киім-кешектер тіркелмейді.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте сәнге салынатын салық енгізуді ұсынған еді. Оның сөзінше, салық орта тапқа әсер етпейді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін