Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда несиеге алынған мүлікке де сән-салтанат салығы салынады – Ұлттық экономика министрі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров несиеге сатып алынған мүліктерге де сән-салтанат салығы салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қуантыров

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қандай сомадан бастап мүліктерге салық салынатыны талқылануда. 

Несиеге алынған кейбір мүліктерге сән-салтанат салығы салынғанымен, бұл санатқа несиеге алынған телефондар жатпайтынын айтты.

“Құны жүз миллион теңгеден асатын көлік алғыңыз келсе, көлік салығынан бөлек сән-салтанат салығын төлейсіз. Телефондар кірмейді, өйткені олардың бағасы 1000 доллар ғана”, – деді министр.

Журналист бұған брендті киімдер жата ма деп сұрады. Министр мұның әлі нақтыланбағанын түсіндірді.

Сән-салтанат салығы тек тіркеуге жататын мүлік нысандарыға ғана салық салынатыны нақтыланған.  Ал елге әкелу кезінде кейбір киім-кешектер тіркелмейді.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте сәнге салынатын салық енгізуді ұсынған еді. Оның сөзінше, салық орта тапқа әсер етпейді.

Талқылау