Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың несиесі енді кешірілмейді, өйткені қайта алушылар саны көбейді – Қаржы агенттігінің төрағасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова қазақстандықтардың несиесі бұрынғыдай кешірілмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

"Өкінішке орай, 2019 жылы несие кешірілгеннен кейін біздің қаржы секторында кредит көлемі қайтадан өсіп кетті. Оның ішінде проблемалық кредиттер де өсіп кетті. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта кешіре берсек, одан да көп жаңа кредиттер көбейеді, – деді Әбілқасымова .

Агенттік төрағасы сол себепті коллекторлық агенттіктерге жауапкершілікті күшейту көзделіп отырғанын атап өтті.

"Ол қалай болады? Олар енді заң бойынша проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасау керек. Егер қарыз алушы банкке жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуі тиіс. Осы рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық банктер мен микроқаржы ұйымдары, коллекторлық ұйымдар жеке жобаларын әзірледі. Проблемалық кредиттермен жұмыс істеудің жеке жоспарларын дайындады. Ол жеке жоспарлар ішінде қазір 1 млн 449 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар жаңартылады. Оның ішінде банктердің кредиттерді қайта құрылымдауы, екіншіден қарызды ішінара немесе толық есептен шығару шаралары бар. Мысалы, төлеуге қабілеті жоқ болса немесе қарыздың сомасы қатты үлкен болмаса, бірнеше жыл проблемалық кредиті болса, онда банктер өз есебінен ішінара немесе толығымен өз есебінен жауып тастайды, – деді агенттік төрағасы. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың қазақстандықтардың ақшаға несие алуына заңнамалық деңгейде тыйым салуға бола ма деген сұрағына жауап берді. Ол мұндай жағдайда ең алдымен қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау керектігін атап өтті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 172 500 теңге сомасына берілетін шағын кредитті толығымен алып тастауды ұсынды.

Талқылау