Несие алу үшін: ШҚО-да зейнеткерді ұрлап кетті
ШҚО-да несие алу үшін зейнеткерді ұрлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Полиция біздің қоңырауымызға бірден құлақ аспады. Егер уақытында жауап беретін болса, мұндай оқиға болмас еді. Нәтижесінде әкемнің атына банк арқылы 600 мың теңге несие алған. Оқиға кешке банк жабылатын уақытта болған. Оны бөлек кабинетке кіргізіп алған. Ол құжаттарға қол қойғаннан кейін, белгісіз пәтерге апарып, таңға дейін ұстаған. Телефонын алып алған", - дейді Улияна Нұрманова.
Бұл туралы полиция департаментіндегілер жауап берді. Олар қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрі шықананын айтап, өзге жұртты құлақтандырды. Ал бұл мәселегі қатысты ішкі істер органдары бар күштерін жұмылдырған көрінеді.
"Бұл деректер бойынша бірден полиция департаментінің аудандық және қалалық бөлімдері іске кіріскен. Ер адамның орны бірден белгілі болды", - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Раисов.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)