"Несие алады да, қайтармай, кетіп қалады": СІМ өкілі қазақстандықтарға Шенген визасын алу не себепті қиындағанын айтты
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Шенген визасын алу кезінде қазақстандықтар үшін неге жаңа ережелер енгізілгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, визаға қатысты заңдардың шығуы қазақстандықтардың құқықбұзушылықтарымен байланысты.
"Кейбір азаматтарымыз Шенген елдеріне барып, автокөлік жалдау кезінде айыппұлдарды төлемей, елден кетеді. Әрине, көзқарас нашарлайды. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шетелге барған кезде сол елдің ережелері мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алады да, қайтармай, кетіп қалады", – деді ол.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан Шенген елдерінің қара тізімінде екені хабарланды. СІМ өкілдері Шенген визасын алуға жеңілдіктер қарастыратын келіссөздер жүргізуге әрекет етіп жатқаны белгілі болды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн