"Неше жылдан бері жасырып келдім": Мөлдір Әуелбекова сырын бөлісті

Мөлдір Әуелбекова сырымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Неше жылдан бері жасырып келдім: Мөлдір Әуелбекова сырымен бөлісті

Әнші желідегі парақшасына орамал тағып, ұзын етек көйлек киген суретін жариялап, қанша жылдан бері ешкімге айтпай, жасырып келген құпиясын ортаға салды. Намазға жығылып, дін жолына түскенін айтқан Мөлдір Әуелбекова осылайша бес парыздың бірін орындағанын байқатты. 

"Я, Раббым! Бір өзіңе сыйынамыз! Бір өзіңнен сұраймыз! Бір өзіңе мұқтажбыз! Бір өзіңе тәуелдіміз! Бір өзің қайырлысын білуші де, беруші де! Бір өзіңе тапсырдым! Неше жылдан бері жасырып келеген құпиям ашылды! Намаз! Оқыңыздар! Маған айту парыз! Жұма қабыл болсын! Алла тілеулеріңізді берсін! Бақыт құшағында болыңыздар! Жақсы көремін!" - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесінің намаз оқып отырған суретін көрген желідегілер, бұл жеке нәрсе екенін айтып әншіні сынап тастаған. Не болса, соған мақтанасың деп сөкті жұрт. Намаз оқығаныңды айтуға болмайды деді енді бірі. 

"Оң қолың істеген жақсылықты сол қолың білмесін. Сіз купалникпен халықтың алдына шығасыз, жайнамазда Алламен жүздесесіз. Сіздің намаз оқитыныңызды бір Алла білсін, ешкімге көрсетуге дəлелдеуге міндеті емессіз", "Не тірлік енді осы. Дәретханадағы, душтағы суреттеріңді де салсаңшы", "Мен түсінбеймін. Менің намаз оқып отырғанымды түсір деп айта ма?", - десті жұрт. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр