Неміс қызы үш жыл бойы тырнағын алмай, оны 14,8 см-ге жеткізген (фото)

16 жастағы Симона Тэйлор 2014 жылдың тамызынан бастап тырнағын алмаған. Үш жылда жасөсіпірімнің тырнағы 14,8 см-ге жеткен. Қазір оған киім ауыстыру, душ қабылдау және т.б. әрекеттерді атқару қиынға соғуда.

симона 14 метр тырнак

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды.

Компьютерге отырған кезде Симона шынтағындағы буындарын қолданады. Ол, перне түгілі қалам ұстауға қиналады. Бұл жайт мектептегі емтихан кезінде көп қиыншылық туғызады.

Ұзынтырнақты қыз Германияның Нюрнберг қаласында тұрады.

PAY-PA-Real-Life-Simone-Taylor-nails

Симонаның қуанышына орай Германия мектептерінде ешқандай шектеу жоқ.

«Сондықтан да ешқандай мәселе жоқ. Бір өкініштісі, волейбол, баскетбол немесе басқа ойындарды ойнай алмаймын. Дене шынықтырудан беретін мұғалімдер үнемі мені тырнақ алуға үгіттейді. Алайда олар мені райымнан қайтара алмайды. Дене шынықтырудан үлгерімім нашар болса да тырнағымды алмаймын», – дейді Симона.

PAY-PA-Real-Life-Simone-Taylor-nails (2)

Оқушы қыз тырнақ күтімі жайлы онлайн-сабақ көргеннен кейін оын қсіруді қолға алған.

«Содан бастап тырнақ алғыш құралдан қорқамын. Негізі осынша ұзақ уақыт өсіремін деп ойламадым. Алайда тырнақтарым ұзарған сайын елдің таңданысына бөлене бердім. Ақырында олар менің бір бөлігіме айналып кетті. Алғашқы жылы өзіме «тырнағымды ертең аламын» деп күнде айтатынмын. Бірақ бата алмадым», – дейді Симона.

PAY-PA-Real-Life-Simone-Taylor-nails (3)

Айтуынша, тырнағына бояу жағу үшін оған үш сағат қажет. Ал оны өшіруге 1,5 сағат уақыт кетеді екен.

Симона айына екі бөтелке бояу өшіретін сұйықтық, қолға арналған иісмай және сірқабыққа (авт. кутикула) арналған майдың бір қорабын бітіреді.

«Тіс тазалау мен дәретханаға бару аса қиындық туғызбайды. Бір қызығы, ұзын тырнағымды көргендер бірінші кезекте дәрет туралы сұрайды. Ал душ қабылдау біраз қиындау. Тырнақтарым шашыма кіріп кетеді, сондықтан абай болуым қажет.

PAY-PA-Real-Life-Simone-Taylor-nails (4)

Сондай-ақ, киінген кезде сақ болуым керек. Тырнағым сынбаса да, олар киімнің арасына кіріп кеткен кезде ауыртады. Сол себепті асықпай киінемін. Жейденің түймесін қадау бір жылға созылуы мүмкін», – дейді Симона.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жігіт өзінің жыныс мүшесімен жеті автокөлікті сүйреді (видео)

Тайванда бикини киген даяшылар мейрамхананың атағын шарықтатып жіберді (видео)

Ауғанстанда соғысқан америкалық қыз сексуалды фитнес-моделге айналды (фото)

Баламен секс туралы қалай сөйлесу керек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр