Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен Үндістанда әйелдер күйеулерін аттарымен атамайды

Миллиондаған үнді қыздары күйеулерін аттарымен атамайды – олар осылайша күйеулеріне деген құрметті көрсетеді. Қалалық жерлерде бұл үрдіс кеңінен таралмаса да, ауыл әйелдері бұл дәстүрді әлі күнге дейін қатты ұстанады.

_97103544_discussiongroup976

Қазіргі уақытта кейбір белсенділер ауылда тұратын әйелдерді де аталған дәстүрден бас тартуға шақыруда, деп жазады BBC.

Дәстүрлі үнді қоғамында күйеу Құдайға теңестіреледі. Ал әйелдерді жастай оларды құрметтеуге үйретеді.

Үндістердің пайымынша, әйелі күйеуін атымен атаса, ол жамандық шақырып, ер азаматтың өмірін қысқартуы мүмкін. Әдетте отбасының барлық мүшелеріне отағасын атымен атауға тыйым салынады.

Мәселен Орисса штатында тұратын әйел тәртіпке бағынбағаны үшін ауыр жазаға кесілген.

“Бір күні әпкем аулада кімдердің отырғанын сұрады, сонда мен барлық ер азаматтардың аттарын атадым, оның ішінде күйеуімнің ағасы да бар еді”, – дейді Малати Махато Video Volunteers белсенділері түсірген фильмде.

Бұдан кейін Малатидің күйеуінің әпкесі ауыл кеңесіне шағымданған. Ал ол әйелдің сөзін күнә деп санап, оны балаларымен бірге ауылдың шетінде орналасқан үйге қуып жібереді. 18 ай бойы ауылдың басқа тұрғындары әйелді елден қуылған есебінде санайды.

“Патриархалды иерархия көптеген үнді ауылдарында сақталған, – дейді әлеуметтік антрополог, профессор А.Р. Васави. – Күйеуі Құдаймен теңестіреледі, сондықтан әйелі оған табынуы қажет. Дәстүрлі неке жағдайында ер әйелінен қарағанда жоғарғы қоғамдық топтан болады, сондықтан ол әйелін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сондықтан да ер – қожайын болып саналады. Әрі әдетте жасы үлкен болғандықтан, оны құрметтеу міндетті болып саналады.

Үндінің қыздары күйеулерін қалай атайды (атын атамай)

Әйел заты “пәленшенің әкесі” деп немесе оны мамандығына сәйкес шақыра алады. Мәселен, “дәрігер сахиб” немесе “вакил (қорғаушы) сахиб”.

Сондай-ақ, әйелдер жай ғана “ей” немесе “сен”, “тыңдашы, өтініш” немесе “тыңдар тұрсың ба?” деп сөйлей алады.

Кей аймақтарда “аға”, “ағасы, “сәлем” немесе “қожайын” деп айтылады.

Video Volunteers еріктілер тобы ауылдағы тәртіпті өзгерту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастады.

Өткен жылдың қазан айында ауыл белсендісі Рохини Павар, бұл мәселені әйелдер талқылау тобында көтерген.

Бірақ бұл қадамға бармас бұрын ол Би-би-си-ге 15 жасынан бастап тұрмыста екенін айтқан. Рохини 16 жылдан бері күйеуі Пракашаны атымен атап көрмегенін тілге тиек еткен.

“Мен оны “баба” деп атайтынмын, себебі жиендеріміз солай айтатын, немесе оның назарын аудару үшін жай ғана “аахо” (мархати тілінде “сен” дегенді білдіреді) деп шақыратынмын”, – дейді ол.

Пракаш өзін атымен атаған әйеліне түсіністікпен қарағанымен, ауылдың өзге тұрғындары наразы болған. Ал кейбіреулер Рохинидің ерін атымен атайтынын білгенде, жұпты мазақ қылыпты.

Ал талқылау тобына мүше әйелдер мәз-мейрам болғандарын жасырмайды.

“Бұл күні тамаша көңіл-күйде болдық, өмірімізде алғаш рет күйеулеріміздің атын атап, айқайладық”, – дейді Рохини.

“Біз видео түсіріп, әйелдерден күйеулерінің есімдерін үш түрлі тәсілмен айтуларын өтіндік: бақытты күйде, махаббатпен және ашулы түрде. Бұдан кейін әйелдердің бірі шабыттанып кетсе керек-ті, үйіне барып күйеуінің атын атапты, ал ол бұны ұрып жіберіпті. Күндердің күнінде қайталайтын болса, соққыға жығатынын да ескертіпті.

Ал бұл уақытта қалалық жерлерде әйелдер күйеулерін аттарымен атауды әдетке айналдыруда. Сауатты әйелдер көбейген сайын олар жұмыс істеп, тұрмысқа махаббатпен шығатын болған. Сондықтан бұл дәстүр ақарындап жойылып барады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың арманы: Еуропада еттен жасалған сусындар сатылады

Жолда төбелескен суырлар кептелістің себепші болды (видео)

Күйеуінің көзіне шөп салғанын естіген әйел балаларын атып тастады

Қаламын алғаны үшін ашуланған әкесі 10 жасар қызын шөл далаға апарып тастаған

Талқылау