"Неге бұрын кездеспедік?" Мақпал Исабекованың күйеуі әншіге үйленетінін бірден түсінген
Мақпал Исабекова күйеуі екеуінің арасында болған жантебірентерлік әңгімені жария етті. Ол ер адамның үйленуге деген шынайы ниетін бірден байқауға болатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
"Ер адамның үйленуге ниеті бар ма, қалай түсінуге болады?" - деп сұраған оқырманның бірі.
"Менің ойымша, оның ондай ниеті болса, оны ештеңемен шатастыру мүмкін емес. Әйелге үйленуге дайын тұрған еркек сөзінен таңбайды, су сөздерді "ағызбайды", тек нақты іспен көрсетеді.
Менде де солай болды. Күйеуім мені бір көргеннен өзінің адамы екенімді түсінген. "Сені өмір бойы күттім. Бұрын неге кездеспедік екен?" деп сөз арасында айтып қалады", – деп ағынан жарылды Мақпал.
Мақпал Исабекова 37 жасында тұрмысқа шықты. Осы уақытқа дейін туған-туыстары мен таныстарының арасында "Қашан отау құрасың?" деген сауалды жолдағандар табылған. Бұл ретте ол тұрмыс құру туралы қысым көрсетілетін қыздарды жақсы түсінеді. Ол ондай сұраққа мән бермеуге шақырды.
Бұдан өзге, Мақпал жағымсыз пікірлермен қалай күресетінін айтты.
"Түсініп тұрған адамның сабырлы бола білгені де жөн. Жауапкершілік те соның мойнында. Негативтің жетегінде кетпеу, оны бойыма сіңіріп алмау мен үшін әрдайым маңызды", – деп түсіндірді ол.
Бақыт тілеймін 😘өте жақсы әнші,жақсы актриса Мақпал