Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрәлі Әлиевпен байланысы бар: Алматыда 1,1 миллиард теңге жұмсалған зілзаланы ескерту жүйесі әлі сынақтан өтпеген

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевпен байланысы бар зілзала туралы ерте хабар беру жүйесіне қатысты пікір білдіріп, ол сынақ кезеңінде екенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: moi-goda.ru

"2023 жылдың соңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысы бойынша автоматтандырылған ерте хабарландыру жүйесінің (АСРО) 28 сейсмостанциясының құрылысы аяқталды. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылды: 2022 жылы – 11, 2023 жылы – 17 сейсмостанция салынды. Қазіргі уақытта жүйе пайдалануға берілді және шетелдік тәжірибеге негізделіп апробация кезеңінен және әзірге сынақтан өтіп жатыр. Жүйені тестілеу кезеңі шамамен бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады", - делінген сәрсенбідегі хабарламада.

1,1 млрд теңге тұратын зілзаланы ерте ескерту жүйесі қызметін ұсынатын компания Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Алиевке тиесілі. 3 жыл ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы 5,5 млрд теңге алған "TNS-INTEC" ЖШС құрылтайшысы – "Darmen Holding" ЖШС. Оған Қуанышбек Жұманов пен Greatex Capital Holding B.V. иелік етеді. 

Бұдан бөлек Жұманов – Нұрәлі Алиев негізін қалаған "Жаңарту" қайырымдылық қорының директоры. 

Greatex Capital Holding B.V. компаниясын 6 жыл бойы Алиевтің "Донателло" қонақүй желісіне жетекшілік еткен Темірлан Есенов басқарды. 

Бұған дейін "Әділет жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазған еді. 

Талқылау