Назарбаевтардың шетелдегі активтері қылмыс болып саналмайды – Қаржы мониторингі агенттігі

Фото: Рамиль Ситдиков / РИА Новости
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов шетелдік басылымдарда айтылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының мүлкіне қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМА өкілі шетелде активтердің болуының өзі қылмыс емес екенін мәлімдеді. Ал Назарбаевтың жағдайына байланысты тексеру үшін нақты дәлелдер қажет.
"Не айтып тұрғаныңызды түсінбеймін, менде ондай ақпарат жоқ. Шетелде активтің болғанының өзі қылмыс емес, мұны түсіну керек. Егер бұл мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны, ақша бюджеттен немесе басқа жерден ұрланғаны туралы нақты деректеріңіз болса, маған беріңіз", – деді агенттік өкілі.
Ол қаржы мониторингі қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін байқаса, тергеуді бастайтынын түсіндірді.
"Бірақ шетелде кейбір активтер бар деп негізсіз мәлімдеме жасау дұрыс емес", – деді Елемесов.
Еске салсақ, Назарбаевтың ресейлік банкі рекордтық пайдаға кенелгені айтылды.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді