Назарбаев өкілетін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевқа не дегенін айтты
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілетін тоқтату туралы жарияламастан бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескен. Бұл туралы елбасы Хабар арнасында көрсетілген "Штрихи к портрету" деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен 19-ы күні президенттік өкілеттілігімді тоқтату туралы жарияладым. 18 наурызда біз жаңа үлкен мешіттің іргетасын қаладық. Содан кейін Тоқаевпен бірге бір көлікпен кеттік. Ал Тоқаев менің ертесіне сөз сөйлейтінімді білді, ол былай дейді: "Нұрсұлтан Әбішұлы, мүмкін сіз өз ойыңызды өзгертерсіз? Ойланыңыз, бұл дұрыс емес, сіз әлі де ел билей аласыз". Мен: "Тыңда, мен бұл шешімді іштей қабылдадым, сондықтан дайындал. Бұл оңай емес", - деп жауап бердім", - деді Назарбаев.
Еске салайық, 2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілетін тоқтатып, ел билігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен