Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа беруге шешім қабылдады
ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады", – деп жазды Үкібай.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін "Nur Otan" партиясының Төрағасы лауазымында қалған еді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Nur Otan" партиясына 22 жыл жетекшілік етті.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген