Назарбаев Bek Air ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында Bek Air жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы әуежайынан ұшып шығып, апатқа ұшыраған Бек Эйр авиакомпаниясы ұшағының апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарды ауыр қабылдадым. Қайғылы жағдайға ортақтасып, қаза болғандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.
ИИДМ хабарлағандай, ұшу кезінде ұшақ биіктікті бағындыра алмай, бетон қоршауды бұзып өтті. Екі қабатты ғимаратпен соқтығысу болды. Дереу құтқару жұмыстары басталып, өрттің алдын алды.
Тағы оқыңыз:
Бек әуе апаты: қаза болғандар саны көбейді
Қазақстандық ер адам әлеуметтік желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Жұбайы аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысындағы ауруханада екі әйелдің жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған: Тексеріс заңбұзушылықтарды анықтады
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген