Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Насыбай атып, рахатқа батып отыр": Желіде Бишімбаевтың адвокатының сотта жасаған оғаш қимылы қызу талқыға түсті

Желіде Бишімбаевтың адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжановтың сот процесі барысында жасаған оғаш әрекеттерінің видеосы тарап, жұртшылықтың талқысына түсті. Әсіресе ауызына бөгде затты салған адвокаттың әрекетін көпшілік насыбайға балады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Желідегі видео 2 миллионнан астам қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Видео авторы адвокаттың оғаш іс-қимылы түсірілген видео астына “насыбай” деген жазба қалдырған. 

Желі қолданушыларының кейібірі мұны әзілге айналдырса, енді бірі дәрі ішіп отырғанын айтып, адвокатты ақтады. 

“Білгенін істеп отыр”, “Бишімбаевтан бұрын сотталып кетер ме екен?”, “Үкімет насыбайға тыйым салды, бұлар әлі қоймай жүр”, “Бәсе миға сыймайтын сұрақты қайдан қояды десем”, “Бишімбаев адвокат таңдауда қателеспепті”, “Бұл насыбай емес, оны бұлай аузына сала алмас еді”, “Насыбай емес жаңғақ дейді кейін”, “Дәрі шығар”, “Насыбай атып, адвокат рахатқа батып отыр”, – деді пікір қалдырушылар. 

@hamka_kaz #сусликтоп #салтанатнукенова #ЗаСалтанат #суд #бишембаев #бишембаевТоқта #бишимбаевубийца #бишембаевсоты ♬ оригинальный звук - Maayok

 

 

Адвокат Ерлан Ғазымжановтың осыған дейін сотта ұйықтап қалған видеосы да көптің назарын аударған еді. 

@askd.wear #бишимбаев #суднадбишимбаевым #рек #elbruso #fyp #бишимбаевубийца ♬ original sound - askd.wear

Stan.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен осы видеоға қатысты пікір сұрады. 

“Ол жерде ешқандай насыбай болған емес. Кішкентай ұсақ, кәмпиттер тұрған. Видеоның қай кезде тарағанын білмедік, бәлкім үзілісте түсіп қалған шығар. Желідегі адамдардың “насыбай” дегенді қайдан шығарып алғанын түсінбедік. Біз ол жерде не болғанын, қандай зат болғанын сұрастырып білдік. Алайда бұл насыбай емес, ұсақ кәмпиттер”, – деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Талқылау