Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Наразы болғандардың бәрі – өтірікші": Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуе компаниясына шүйлікті

Белгілі БАҚ өкілі, журналист Ләйлә Сұлтанқызы мен FlyArystan әуе компаниясындағы дау әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy

Айта кетейік, журналист аталған ұшақта оқыс оқиғаға тап болып, көзін жарақаттап алған еді. 

"Наразы халықтың бәрі өтірікші емес! Скриндегі пікірлерді мұқият оқыңыздар! FlyArystan-нан маған жауап келді. Рақмет жауаптарыңызға! Сонымен, кеше 25 минут Шымкенттен кешігіп ұшқан ұшақ, шамамен 21:42-де Астанаға қонды. Қасымда отбасылы жұп отырды. Ұшақ тоқтаған соң, жолаушылардың көбі тұрып, сөрелерді аша бастады. Маған көрші отырған азамат та орнынан тұрып, сөрені ашқанда, төбеден қатты зат құлады. Құдай сақтап, көзім шыққан жоқ. Суық су сұрадық, әкелген су қатты суық емес деп, борттан тапқан дәрігер де айтты. Артынан суық судың орнына кола әкелді. "Коланың ақшасын төлеу керек" деп, сөрені ашқан жігіттің әйелі айтқанын естідім. Мұз сұрадық. Жоқ деді", – оқиғаның қалай басталғанын айтып берді.  



Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы “Дәрігерді күтпей, борттан шығып кеткен” деген компания мәліметін де түсіндіріп берді. 

“Аптечка болса, сұрағанда мақта не бинт неге берілмеді? Бетімдегі қанды қасымда отырған әйелдің берген салфеткасымен сүрттім. Дұрыс коммуникация біліктілікті білдіреді. Сіздерден жағдайды сұрағандарға "дәрігерді күтпеді" дедіңіздер. Сонда борттан адамдардың шыққанын, шақырған дәрігерлердің жеткенін күтіп, ауырып, қанап тұрған жарамен отыруым керек пе? Өз аяғыммен жеткен тезірек деп, басқа адамдарды күтіп тұрған СИП қызметіне қосымша ақша төлеп, әуежайдың медпунктіне бардым. Менің қабағымды мамандар жуып, қарап жатқанда, шамамен жарты сағат ішінде бортқа жіберілген дәрігерлер медпункке қайтып келді. Енді қанша уақыт үнемдегенімді санай беріңіз", – деп ашуланды журналист. 

Еске салайық, журналист сараптаманың нәтижесі 20 күннен кейін шығатынын айтқан еді. 

Талқылау