Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Naiza мен Fight Nights тұжырымы Алматыда елеулі турнир өткізеді

Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірігіп, аралас жекпе-жек спортынан үлкен турнир өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Naiza

 Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірлескен турнирде үш бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кештің басты жекпе-жегінде жанкүйерлер бір жылдан астам күткен шайқастың куәсі болады. Фаниль "Ноғай" Рафиков (22-7) пен Нариман "Байрақтар" Аббасов (29-5) арнайы Naiza мен Fight Nights біріккен белбеуі үшін 5-раундтық жекпе-жек өткізеді. Кештің ко-мейн ивентінде аса жеңіл салмақтағы Fight Nights белбеуі үшін әзірбайжандық Магеррам Гасанзадемен (9-1) Аслан Өтеғалиев жұдырықтасады. Сондай-ақ Рамазан “Горец” Гасанов (11-0) пен Самандар Рузматов (6-0) Naiza тұжырымының жартылай орта салмақтағы белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірлескен турнир 18 мамыр күні “Алматы Арена” спорт кешенінде өтеді.  

Талқылау