"Нағыз ер азамат өсіп келеді": Анасының биік өкшелі аяқкиімін киген бала желі жұлдызына айналды (видео)
Анасымен аяқкиім ауысып, биік өкшелі аяқкиімін киген баланың әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде тараған видео 2,5 миллионға жуық қаралым жинаған.
"Егер адам саған қамқор болғысы келсе, өзгелер не айтады деп ойламайды да. Анасы мен ұлының арасындағы керемет көрініс", – делінген видеода.
Видео астына пікір қалдырған оқырмандар балаға жылы лебіздерін білдірді.
"Бүгін көрген ең тамаша видео", "Нағыз ер азамат өсіп келеді", Кезінде мамамның аяғы қажап, жаны шығып кеткенде, әкем өз аяқ киімін берген еді. Өзі анамның биік өкшесін 3 саусағына іліп алған. Бұл – қамқорлық, бұл – махаббат", "Жылап жібердім", "Болашақта жақсы жар, жақсы әке болары сөзсіз", – деп жазды желі қолданушылары.
@ummi.xme 🥹#fypシ #мама #забота ♬ 原创音乐 - tikt.HOT
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі