Нағима Есентаева ағасына жар іздеп, жеңгесіне қойылатын талаптарды тізіп берді
Бірер күн бұрын Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзовпен заңды түрде некесін қиып, тегін өзгерткен еді. Осы оқиға әсер етсе керек, атышулы продюсердің бұрынғы қайынапасы ағасы Бақытбек Есентаевқа жар іздеуге кірісті, – деп хабарлайды Stan.kz.
Нағима Есентаева Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялаған жазбасында ағасына жар іздейтінін айтып, жеңгесіне қойылатын талаптарды атады.
«Қыздар, негізі маған бір ой келіп жүр. Сіздермен ойыммен бөлісіп көрсем. Әулетімізде осы бір жағдай орын алғаннан бері мені бір ой мазалайды. Шіркін, пейілі кең, жүрегі таза, ниеті түзу, адал, мейірімді, ақ жарқын, дастарханды, ерін сыйлай білетін, ас үйге жақын, үйіне барсаң кең пейілмен, жарқылдап отырып бір кесе шайын өз қолымен құйып беретін, байлыққа құнықпайтын, арын ақшаға сатпайтын, үйінде күтуші болса да ағатайымның киімін өз қолымен дайындап, «Аллаға аманатсың, жаным! Жорықта жолың болсын!» – деп жылы қабақпен еркелей шығарып салып тұратын бір көркіне ақылы сай женгем болса екен деп қатты армандап жүрмін. Ағатайыма ойымды айтсам күледі де: «Сен енді кімді ал дейсің, сенің көңіліңе кім ұнайды, соны аламын», – деп қояды. Соған қарағанда, ағама сүйікті жар, өзіме ерке жеңге, әулетімізге адал келін, тегімізге тіл тигізбейтін, ақ орамалына дақ түсірмейтін жанды қазірден бастап қарайластыра берсем қалай қарайсыздар? Үмітсіз шайтан ғана дейді ғой. Оның қасында пендеміз. Біздің көшеде де той болар», – деп жазды Нағима Есентаева.
Нағима Есентаева кезекті жазбасы арқылы Баян Мақсатқызын сынаған сыңайлы. Оны болашақ жеңгесіне қойған талаптарынан аңғару қиын емес.
Өз кезегінде Есентаеваның желідегі оқырмандары Бақытбек Есентаевқа адал жар табуын тілеп жатты.
Оқи отырыңыз:
Баян және Тұрсынғали Алагөзовтердің некелесу рәсімінен видео жарияланды (видео)
Айдана Меденова сән салонына жасалған шабуылдан кейін көшеге шығуға қорқып жүр
Кеше ғана отбасын құрған Алагөзовтер қонақүйде романтикалық кеш өткізді (фото)
Бақытты бол: Анасын тұрмысқа шығуымен құттықтаған Айару Бақытбек елді таңғалдырды