Мұз жарылып, суға батып кеткен: Жамбыл облысында екі бала көз жұмды
Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Екі бала мұздан құлап мерт болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, 6 және 9 жастағы екі бала Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы суару каналының жанында ойнап жүрген. Сол жерде олар мұз жарылып, құлап кеткен. Балаларды құтқару мүмкін болмады.
"Олардың денелерін судан (тереңдігі 3 метр) Жамбыл облысы ТЖМ жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі шығарып алды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
- Жас жұбайлар "Титаник" фильміндегі көріністі қайталаймыз деп суға батып, мерт болды
- "Үкіметтің қолдау көрсеткенін қалаймыз": Алматыдағы бизнес-орталықтар қып-қызыл шығынға батып жатыр
Министрлік қазақстандықтарды абай болуға, мұз бетінде жүрмеуге шақырды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"