Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысықты атқым келді: Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға пневатикалық винотвкадан оқ атқан 26 жастағы ер адам тұтқындалды. Оны оқиға орын алған күннің ертесінде қолға түсіру мүмкін болды. Ендігі ол ауладағы мысықтарды көздегенін айтып ақталуда, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Мысықты атқым келді: Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

«Мен ол жерде досыммен тұрғанмын. Бір кезде аяғыма бірдеңе  тигенін сездім. Қатты ауырғандықтан, оқ екенін бірден түсіндім. Содан кейін мен достарым үйіме алып барды», – дейді жәбірленуші Әмірхан Теңеубаев.

Балаларына оқ тигенін білген ата-анасы бірден полицияға хабарлаған. Ал тәртіп сақшылары оқиға орнынан травматикалық қарудың гильзасын тауып алыпты. Ертесі күні анасы Әмірханды футбол алаңынан алып қайтпақ болғанда, тағы да оқ атылғанын байқап, бірден полицияға хабарлады. Артынша 26 жастағы күдікті тұтқындалды. Өз кезегінде ол түнімен маза бермейтін мысықтарды атқанын айтып ақталды.

«Қатты қорқып кеттік. Полицейлер ініме оқ тигенін айтты. Зардап шеккен бала тек ертесінде аяғына тұра алды. Мен күдікті балаларға әдейі оқ атқан деп ойлаймын. Ол жерде кедергі болатындай, тал немесе бұта болмағандықтан, күдіктінің мысықты көздеген оғы мүлт кетуі мүмкін емес», – дейді Әмірханның туысы Дария  Нұрғалиева.

Полицейлер күдіктіге қатысты «қару қолданып, бұзақылық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, одан ешқайда кетпеу туралы қохат алынып, мылтығы тәркіленген.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 19 жастағы сарбаз түрмеден қашқан 21 сотталушыға жалғыз өзі төтеп берген

Ақтауда 7 жасар балаға оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған (видео)

Қостанайда әйелдер сырғанауға арналған алаң үшін шу шығарып, жасөспірімді ұрып тастады (видео)

ҚТЖ пойыз астына түсіп өлмек болған әйелдің оқиғасының мән-жайын айтты

Талқылау