Мұсылмандар балаклава кию трендін қатаң сынға алды
Ислам дінін ұстанушылар 2022 жылдың ең сәнді аксессуары атанған балаклаваны сынға алды. Daily Mail басылымының дерегіне сүйенсек, бұл бас киім танымал тұлғалар арасында трендке айналған. Мәселен, балаклава киіп, ел алдына шыққан жұлдыздар арасында Ким Кардашьян, Джастин Бибер мен Бейонсе бар. Сонымен қатар блогерлер қарапайым мойынорағышты балаклаваға айналдыру жолдарын көрсететін видеоларды жариялай бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен мұсылмандар танымал аксессуарды сынға алды. Желі қолданушылары қоғамның балаклаваны трендке айналдырып, хиджаб киген әйелдерге теріс көзқарас танытқанына назар аударған. Олардың сөзінше, Ислам дінінің өкілдеріне деген мұндай қарым-қатынас әділетсіз.
"Адамдар балаклава киіп, сәнді бола алады. Ал біз хиджаб кисек, бұл басқа адамдарды қорлайды. Неге?", "Енді хиджаб балаклава деп аталады", "Сәнқойларға балаклаваның дәл хиджаб екенін түсіндіріңдерші", "Неліктен мұсылмандарды бұлай дискриминациялайды? Сұмдық", – деп жазды желі қолданушылары.
2021 жылдың желтоқсан айында стилистер 2022 жылдың 6 сәнді трендін атаған. Олардың қатарында түрлі сурет салынған галстуктар және түрлі түсті былғары қолғаптар бар.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"