Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Насыровтың ұлы әкесінен айнымай өсіпті

10 желтоқсан күні жиналған жұрт лық толған залда Мұрат Насыровты еске алу концерті болып өтті. Бұл күні Республика Сарайында Ділнәз Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Марсель және Айқын Төлепберген сынды танымал әншілер марқұм сазгердің әндерін орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Концертке Насыровтың әйелі Наталья Бойко және оның ұлы мен қызы қатысыпты. Әртістің әйелі бұл еске алу кешін ұйымдастыру кімнің ойына келгендігін айтты. 

"Бұл шараның бастамашысы Ділнәз Ахмадиева болды. Ол концертті ұйымдастыруды өз қолына алды. Мұраттың өнерін бағалайтын адамдар Ділнәзге көмектесті. Еске алу концертін ұйымдастырған үшін оған алғысымды білдіргім келеді", - деді Наталья Бойко. 

Марқұм әншінің балалары да бұл күні өнер көрсетіпті. 

Айта кетерлік жайт, Мұрат Насыровтың қызы Лия музыка өнеріне қатысы жоқ мамандықты таңдаған. Ал ұлы Әкім болса саксофонда асқан шеберлікпен ойнайды екен. 

Әкім өзінің әкесінен айнымай өсіпті. 

"Әкем менің тәрбием кезінде әділдік танытыпты. Керек кезінде ұрсып, мақтайтын кезде мақтап та алатын", - деді Әкім Насыров. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Насыров өзінің "Я — это ты" және «Мальчик хочет в Тамбов» әндерімен қалың жұртқа танылған еді. 

Әртіс 2007 жылдың 20 қаңтарында 5 қабаттан құлап көз жұмған. 

Аким Насыров

Талқылау