Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов көз жұмды
Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әдебиеттанушы Еркінбек Серікбай мәлімдеді.
"Рауан Шаханов ағамның да дәм-тұзы таусылыпты. Ұлт ақыны Мұхтар Шаханұлына және педагог-ғалым Розалинда Әшірбайқызына қайғырып көңіл айтамын. Перзенттеріңіздің Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыздар", – деп жазды Еркінбек Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова да қаралы хабарға көңіл айтты.
Қапшағай маңындағы жарылыс желі қолданушыларын алаңдатты
"Бұл заман не болып кетті?! Бүгін Мұхтар аға мен Розалинда жеңгеміздің ұлы, аузын ашса жүрегі көрінетін, асыл ініміз Рауан Шаханов Мұхтарұлынан айырылып қалдық", – деді ол.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген