Мұғалім онлайн сабақ кезінде есінен танып, қайтыс болды
Аргентинада университет профессоры Zoom арқылы онлайн-дәріс кезінде тұншығып, студенттердің көзінше талып қалды. Көп ұзамай ол ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі, 1 қыркүйекте болған. 46 жастағы саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры Паола де Симоне қашықтықтан сабақ беріп жатқан кезде тұншыға бастады. Әйелдің жағдайы өте ауыр болғаны соншалық, студенттер одан жедел жәрдем шақыру үшін мекен-жай сұрады.
- Алматы облысында оқушылар дәретханада, ал ШҚО-да тауда оқып жатыр
- Нұр-Сұлтандағы онлайн сабақта порно көрсетілген: Шенеуніктер оқиғаға қатысты жауап берді
Паоланың құлаған видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Әйел келесі күні ауруханада қайтыс болды. Тамыздың соңында ол төрт апта бойы COVID-19 белгілері байқалып жүргенін айтқан. Келіншектің күйеуі дәрігер болғаны анықталды. Жұп біраз уақыт бойы ауырып жүрген. Қатты жөтеліп жүргеніне қарамастан, Паола жұмысын жалғастыра берді.
Қазіргі уақытта Аргентинада коронавирустық инфекцияның 451 мыңнан астам жағдайы анықталды, тоғыз мыңнан астам адам қайтыс болды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі