Мұғалім болған: 20 жыл жасырынған сериялық қылмыскер әйел ақыры сотталды
Қытайдың Цзянси провинциясында 20 жыл бойы қашып, жазадан жасырынған сериялық өлтіруші Лао Жунчжиді қудалау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1993 жылы Цзянсидегі бастауыш мектепте мұғалім болып жұмыс істеген 19 жастағы Лао қарақшылық үшін сегіз жыл түрмеде отырған Фа Цзинмен танысқан. Олар ғашық болып, бірнеше жыл бойы адамдарды бірге тонап, өлтірген және ұрлаған.
1999 жылы болған екі кісі өлімінен кейін Қытай полициясы олардың ізіне түседі. Фа Хэфэй қаласында ұсталды, онда ерлі-зайыптылар үй жалдап тұрған. Ол сотталып, ең жоғары жаза, өлім жазасына кесілді.
- Ресейдегі ең қауіпті маньяктардың бірі Қазақстанда жасырынуы мүмкін
- Сотта күліп отырды: 136 ер адамды зорлаған сексуалды маньяк сотталды
Лао қуғыннан құтылып үлгерді. Ол есімін өзгертті, Хэфэйден кетіп, 20 жыл бойы жасырынды. 2019 жылдың қараша айында ол Фуцзянь провинциясының Сямынь қаласында қамауға алынды. Лао ұсталған кезде, ол досының сауда орталығында ашқан дүкенінде қол сағатын сатып жүрген.
Әйелге 1996-1999 жылдар аралығында жасалған жеті қасақана кісі өлтіру, сондай-ақ тонау мен ұрлау айыптары тағылды.