"Музыкадан музыкаға": Alem Trio және Halyk Алматыда өтетін концертке шақырады
20 мамырда Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығы (AKF) және Halyk Bank Алматының барлық тұрғыны мен қала қонақтарына классикалық Alem Trio-дан "Музыкадан музыкаға" атты эксклюзив концерт ұсынады. Бұл іс-шара биыл есте қалатын оқиғалардың бірі болмақ.

"Бұл жай ғана классикалық концерт емес. Бұл қазіргі әлемдегі өнердің маңыздылығын көрсететін музыкалық шеберлік пен мәдени алмасудың мерекесі. Halyk Bank іс-шараның бас серіктесі ретінде осындай деңгейдегі оқиғаларды қуана қолдайды және Алматы тұрғындары мен қонақтарына классикалық музыканың таңғажайып әлеміне енуге бірегей мүмкіндік береді. Іс-шараның барлық қонағы шабыттанып, сиқырға толы кеш ұнайды деп үміттенеміз, онда әрбір нота тарихқа көз жүгіртіп, жаңа әлемді ашады", - дейді Halyk Bank PR-қызметінің басшысы Әсел Оразбаева.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында үш музыкант өнер көрсетеді - Марат Бисенғалиев (Франция), Әлім Бейсембаев (Ұлыбритания) және Эльдар Сапараев (Германия). Сондай-ақ, бағдарламада Моцарт, Дебюсси, Мендельсон, Лист, Венявский және Мендыгалиев сияқты классикалық музыканың танымал туындылары орындалады.
Концерттің тұсаукесері 20 мамырда сағат 19.30-да Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Билеттерді kino.kz сайтынан алуға болады.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”